Бойжеткендердің үйлену жасын көтерді
Бойжеткендердің үйлену жасын көтерді
26 күн бұрын 549 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда бойжеткендердің тұрмысқа шығу жасын ұзартты. Аталмыш ел президенті Шавкат Мирзеев бұл бағытта тиісті қаулыға қолын қойды. Бұл жайында Nuz.uz ақпарат көзі хабар таратты. Осы уақытқа дейін Өзбекстанда бойжеткендерге 17 жасында ұзатылуға рұқсат беріліп келген болатын. Ал бозбалаларға 18 жасында шаңырақ көтеруіне болатын. Ендігі жерде бойжеткендер де тек 18 жасында ғана некесін қидыра алады. Осылайша бойжеткендердің тұрмысқа шығу жасы бозбалалардың шаңрық көтеру жасымен теңестірілді. Бұл ереже 2019 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап күшіне енеді.  

0 пікір
Мұрағат