Бойжеткен қырғыннан қалай аман қалғанын айтып берді?
Бойжеткен қырғыннан қалай аман қалғанын айтып берді?
9 жыл бұрын 3200

Естеріңізде болса, осы үш күн бұрын Кенияның Гаррис қаласындағы университетке радикалды «аш-Шабаш» тобының шабуыл жасағаны және нәтижесінде 148 адамның аталмыш топ содырларының қолынан қаза тапқаны, сондай-ақ, 80-ге жуық адамның жарақат алғаны жайында хабарлаған едік. Сәуір айының 2-сі күні орын алған осынау қанды қасаптан аман қалғандары да бар екен, солардың бірі – 19 жастағы студент Синтия Чаротич (Cynthia Cheroitich). Бұл жайында Independent британ басылымы хабар таратты. Бойжеткен екі тәулік бойы сыныптардың біріндегі шкафқа жасырынып жатқан. Аталмыш университет содырлардан азат етіліп, полиция келгенде де шығуға қорыққан. Тек ұстазының таныс даусын естіп, тығылған жерінен шыққан.

 

Содырлардың сойқанына куә болған Синтияның айтуынша, ол жасырынған сыныпта лаңкестер шамамен 12 студентті атып тастаған.

 

Полиция әлемдегі ең сойқанды оқиға болып табылатын бұл қанды қасапты кім ұйымдастырғанын анықтады: ол жергілікті мектептің бұрынғы директоры Мұхаммед Куно болып шықты. Оның қайда екенін айтқан адамға 55 мың доллар сыйақы берілетін болды.

Талай адамның түбіне жеткен осы қайғылы оқиқаға байланысты Кения президенті сенбіде үш күндік аза тұту күнін жариялады. Сондай-ақ, ол террористермен аяусыз күресетініне уәде берді. Бұл жайында Agence France-Presse ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жантүршігерлік қасіретке әлем жұртшылығы мен халықаралық қауымдастық та бей-жай қараған жоқ. Дін қайраткерлері мен жетекшілері осы терактіні жүзеге асырған «аш-Шабаб» тобын қатаң айыптап, мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, лаңкестер қолынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Содырларды айыптаған Кения мұсылмандар кеңесінің төрағасы Абдуллаһи Салиатпен қатар Момбас қаласындағы шіркеуде қызмет ететін ағылшын архиепископы Юлиус Калу да үн қатып, дінаралық татулыққа сына қаққысы келетіндердің дегені ешуақытта болмайтынын қадап айтты. Бұл жайында  Washington Post ақпарат көзі хабар таратты. Кениядағы шіркеулердің ұлттың кеңесінің бас хатшысы Питер Каранджа содырлардан бұрын алдымен бейқам жүрген тәртіп сақшылары мен қауіпсіздік қызметкерлерін айыптады. Осынау қантөгіске жол беріп қойғаны үшін ел билігін де оңдырмай сынады. Билік тізгінін ұстағандардан көзбояушылық үшін жасайтын «косметикалық» әрекеттен нақты шараларды қолға алуды талап етті.

0 пікір
Мұрағат