«Бізді ешқайда сыйдырмады»
«Бізді ешқайда сыйдырмады»
2 жыл бұрын 818

Өздерінің кір жуып, кіндік қаны тамған жері – Мьянмадағы қуғын-сүргін мен зорлық-зомбылықтан көз ашпай, бас сауғалап кеткен мыңдаған рохиньялық мұсылман Үндістанның бірнеше штатында адам айтқысыз жағдайда өмір сүріп жатыр. «Біз басымызбен қайғы болып, Үндістанға жету үшін шекара астық. Құдайға шүкір, басымыз аман. Алайда, азық-түліктен, дәрі-дәрмектен, киім-кешектен қатты таршылық көріп отырмыз»,- деді Дели қаласының маңындағы лагерді панағалаған рохиньялық мұсылмандардың бірі Press TV ақпарат көзіне берген сұхбатында. «Бізді бұл жерде де сыйдырмай отыр. Балаларымыз мектепке де бармайды. Сырқаттанып қалғандарды ауруханаға қабылдамайды»,- деді ол артынша ашына тіл қатып. Мьянма билігі 1,3 млн рохиньялық мұсылманға азаматтық беруден бас тартып отыр. Рохиньялық мұсылмандар осы елдің байырғы тұрғындары болса да. Осы келеңсіздікке байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы оларға азаматтық беру турасында Мьянма билігіне талап қойып, қарар қабылдаса да нәтиже болмай тұр. 

0 пікір