Биыл қажылық болмайды
|
Саудия билігі тәжді тажал пандемиясына байланысты жұқпалы індеттің одан ары таралуына тосқауыл қою үшін биыл қажылыққа шақырмайды. Тек аталған ел аумағында жүрген қажыларға ғана қасиетті парызын өтеуіне мұрсат беріледі. Яғни, шетелдік азаматтарға шекара жабық. Бұл жайында Саудияның қажылық және ұмра істері жөніндегі министрлігі мәлім етті. Осы орайда Саудияның араб елдері арасында жұқпалы індетке шалдыққандар қарасы бойынша бірінші орында тұрғанын айта кету керек. Дәлірегі, 161 мыңнан аса адам індет жұқтырған, осы уақытқа дейін 1307 адам аталған індеттен көз жұмған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді