Бір жыныстылардың заңнан айналып өтуіне жол бермейтін болды
Бір жыныстылардың заңнан айналып өтуіне жол бермейтін болды
9 жыл бұрын 3048

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы жынысын ауыстыру арқылы некелесіп, осылайша заңнан айналып өтетіндердің ендігі жерде мұндай қадамға баруына жол бермейтін болды. Бұл жайында “Известия” басылымы хабар таратты. Мемдуманың депутаттары Алексей Журавлев, Дмитрий Горовцов және Анатолий Грешневиков әзірлеген заң жобасы бойынша РФ Отбасы кодексінің «Неке қидыруға келтіретін жағдай» деп аталатын 14-ші бабына өзгертулер енгізіледі. Аталмыш заң талабы бойынша неке қидырмай тұрып, некеге тұру үшін жынысын өзгертуге немесе некені мемлекеттік тіркеу барысында жынысын өзгертуге тыйым салынады. Мынадай да жағдай болған: өткен жылы, дәлірегі, 2014 жылдың қараша айының 7-і күні Санкт-Петербор қаласында әйел мен трансген (жынысын ауыстыру процесіндегі ер адам) арасындағы неке тіркеліп кеткен. Төлқұжат бойынша әйел мен еркек арасында неке қиылған, алайда, шын мәнісінде екі әйелдің арасында неке қиылған.

0 пікір
Мұрағат