Бір жыл бойы нәр татпаған баланың диагнозы анықталмады
Бір жыл бойы нәр татпаған баланың диагнозы анықталмады
2 жыл бұрын 1632

Американың Айова штатында тұратын ұл бала бір жыл бойы нәр татпаған. Тіпті, су да ішпеген. Дәрігерлер оның диагнозын анықтай алмай жатыр. 2013 жылдың қазан айында 12 жастағы Лэндон Джонс пицца, балмұздақ жеген. Содан бері ол нәр татпаған. Қарны ашқанын немесе шөлдегеннін сезбесе де, азықтың иісін және дәмін ажырата алады. Қолды-аяққа тұрмайтын, велисопед тепкенді әрі достарымен саябақта ойнағанды жақсы көрсетін ол бұрынғыдай емес, ұдайы жүрегі айнып, басы айналатын болды. Әке-шешесі баланы АҚШ-тың түрлі қалаларындағы бес емханаға жатқызғанымен қайран болмаған. Бір аурухананың өзіне 4 мың доллар қарызданып қалғандарын жеткізді. Алайда, баланың сырқаты неде екені анықталмады әрі емі табылмады. 33 жылдық тәжірибесі бар балалар невропатологы Марк Паттерсонның өзі мұндай сыры ашылмаған сырқат түрін бірінші рет кезіктіріп тұрғанын, ал әкесі баланың күн санап көз алдарында семіп бара жатқанын айтып берді The Des Moines Register ақпарат көзінің тілшілеріне. Бір жылдың ішінде бала он алты келі салмақтан арылған. Ауырмай тұрғанында оның салмағы 47 келі тартса, қазіргі уақытта – 30 келі. Оның күштеп трубкамен тамақтандыруда. Америкалық дәрігерлердің пайымдауынша, баланың бойындағы гипоталамус (аштық пен шөл сезіміне жауапты әрі белгілі бір температураға, қан қысымына, сондай-ақ, ұйқы кезеңіне жауапты) қызметінің бұзылғанынан көріп отыр. Осыдан үш жыл бұрын балаға берілген "Депакот" деп аталатын дәріден де көріп отыр. Бұл дәріні науқас бала бір жыл бойы қабылдаған екен. Сол кезде бала өзін өте жайсыз сезінген.

0 пікір