Бір емес, қатарынан үш жұқпалы індетпен алысып жатқан ел
Бір емес, қатарынан үш жұқпалы індетпен алысып жатқан ел
4 жыл бұрын 2799 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Жығылғанға – жұдырық», «жұт жеті ағайынды» деген мәтел йемендіктерге қарата айтылғандай... Соғыстан титықтаған, гуманитарлық дағдарыс тереңдеген Йеменнің уақытша астанасы атанған Аден қаласында осы уақытқа дейін 50-ден аса адам Шикунгуниа безгегінен опат болды. Бұл жайында түріктердің Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады. Бұдан бөлек, тағы үш мыңнан аса адам осы індетті жұқтырғаны белгілі болды. Бұл жұқпалы індет ошағы сәуір айының 21-і күні сел-тасқыннан орын алған батпақты жатқызып жүр. Сол кезде бес баланы қоса есептегенде сегіз адам бақилық болған. Аталған дерттен. Йемен билігі уақытша астананы "апат аймағы" деп жариялады. Тұстастай алғанда, Йемендегі нөсер мен тасқыннан сәуір айының орта шенінде 150 мыңнан аса адам зардап шеккен. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестіруші бюросының өкілі Йенс Ларке мәлім етті.

Шикунгуниа безгегі – індет тасымалдайтын масаның шағуынан жұғатын вирустық ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, аталмыш ауру бес күннен жеті күнге дейін созылады. Буынды істен шығарады. Бұдан бөлек, қаңтар айынан бері аталған ел аумағында 113 мыңнан аса адамның тырысқақты жұқтырғаны белгілі болған еді. 29 адам бұл індеттен көз жұмды. Іштің тоқтамай өтуі әрі қаталатқан шөл тырысқақтың басты белгісі. Оның үстіне, тәжді тажал белгілері бойынан байқалғандар тіркеліп жатыр. 167 адамның тәжді таал індетін жұқтырғаны белгілі болды. Соңғы мәлімет бойынша. 

0 пікір
Мұрағат