Бір әулетте екі ғасырдан кейін алғаш рет қыз бала дүниеге келді
Бір әулетте екі ғасырдан кейін алғаш рет қыз бала дүниеге келді
9 жыл бұрын 6630

Британияның Кент графтығындағы Лори отбасында 205 жылдың ішінде алғаш рет қыз бала дүниеге келді. Бұл жайында ҚазАқпарат The Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Майла есімді қыз бала 2014 жылдың қазан айында дүниеге келген, алайда, отбасы үшін өте қуанышты оқиға туралы Лори өкілдері тек таяуда ғана мәлімдеген. Лори отбасының өткен бес ұрпағында дүниеге тек ұл балалар келетін. Басылымның атап өтуінше, бұл әулетте қыз бала соңғы рет 1809 жылы, Ұлыбританияда королі Георг ІІІ, Францияда - Наполеон Бонапарт билік еткен кезде дүниеге келген көрінеді.

0 пікір
Мұрағат