Бильярд ойыншысы лаңкес атана жаздады
Бильярд ойыншысы лаңкес атана жаздады
2 жыл бұрын 708

43 жастағы британдық бильярдшы мұсылман «жауын жаумай» жатып, жазықты бола жаздады. Қалай дейсіз ғой? Снукер (бильрд ойынының бір түрі) ойыншысы Рори Маклеодты ИСИМ содырларының қолдаушысы көріп, одан қарадай күдіктенгендер болды. Біз сөз етіп отырған Рори Маклеод жуырда өзі бақ сынаған ойындардың бірінде «ISIS» (ИСИМ-нің ағылшын тіліндегі нұсқасы) деген жазуы бар киім киіп шықпай ма. Қорыққанға қос көрінеді дегендей, жанкүйерлер оны ойша лаңңкестердің қатарына жатқызып үлгерген еді. Артынан бұл түсінбестіктің мән-жайы белгілі болды: мұсылман ойыншысы бар-жоғы ИСИМ-ге еш қатысы жоқ, бұрын ойыншыға демеуші болған консалтингтік Isis Business Solutions фирмасының эмблемасы болып шыққан. Біздің кейіпкеріміз аталмыш фирмамен ИСИМ пайда болмай тұрған кезден бері серіктес болып келеді. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір