Билік басындағы партия жетекшісінің мәлімдемесі
Билік басындағы партия жетекшісінің мәлімдемесі
2 жыл бұрын 720

Үндістанның билік басындағы Бхаратия Джаната ұлттық партия жетекшісі Субраманиан Свами өткен жылы мешіттер мен шіркеулерді діни құлшылық ететін орын емес, оларды кез келген уақытта сүріп тастауға болатыны жөнінде аты-шулы мәлімдеме жасап, мұндай ақпаратты Сауд Арабиясынан алғанын жеткізген болатын. Бұл жайында Hindustan Times ақпарат көзі хабар таратты. Ол мұнымен ғана шектелмей Құдайдың нұры тек үнді храмдарына ғана төгілгенін тілге тиек еткен болатын. «Біз бұл тұжырымдамамен келіспейміз. Мешіт – өзге конфессиялардікі секілді діни орын. Елімізде 800 жыл бойы мұсылмандар билік құрды, бірде-бір билеуші мешітті сүріп тастаған емес»,- деп мәлімдеді мұсылмандардың жеке құқығы жөніндегі бүкіл үнділік кеңестің бас хатшысы Мәулана Низамуддин. Айта кетейік, Субраманиан Свами бұрын да исламофобиялық мәлімдемесімен мұсылмандардың наразылығына ұшыраған еді. Индус нанымын қабылдаған иммигрант мұсылмандарды ғана елде тұруға рұқсат беру жөнінде бастама көтерген болатын.

 

Германияда мұғалімдерге шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат берді

Германия Федеративті Республикасының федералды конституциялық соты мұғалімдерге шариғат шәлісін жамылып жүруге салынған тыйымның заңға қайшы екенін мойындады. Осылайша мектеп қабырғасындағы аталмыш тыйымның күшін жою туралы арыз түсірген тегі түрік екі мұғалімнің шағымын қанағаттандырды. Бұл жайында "Коммерсант" басылымы хабар таратты. Олардың бірін басына орамал тартып келгені үшін жұмыстан қуған болатын. Тіпті, орамалдың орнына парик (жасанды шаш) киіп келуге де рұқсат бермей қойған еді.

0 пікір