Бес нәрестенің мұздатылған денесі табылды
Бес нәрестенің мұздатылған денесі табылды
9 жыл бұрын 2699

Құқық қорғау органының өкілдері Францияның оңтүстік-батысында орын тепкен Жиронда департаментінде ерлі-зайыптылардың үйінен бес нәрестенің мұздатылған денесін тапты. Нақтырақ айтқанда, үстіміздегі жылдың наурыз айының 19-ы күні полицияға әлдебір ер адам өз үйінен мұздатқыш сөмкеде жатқан бес нәресте табылғанын айтып келген. 35 жастағы балалардың анасы «бәлкім, үйіндегі масылдардан құтылғысы келген шығар, гинеколог пен психолог дәрігерлерінің тексеруінен өтуі үшін Бордодағы ауруханаға жатқызылды». Бұрын әйелдің бойынан психикалық қандай да бір ауру белгісі байқалмаған болатын. Тергеушілер қазіргі уақытта куәгер ретінде жүрген балалардың әкесімен сөйлескен. Кеше, яғни, наурыз айының 20-ы күні балалардың ажалы неден болғанын анықтау үшін сойып көрді.Оның нәтижесі туралы ақпарат әлі түскен жоқ. 

0 пікір
Мұрағат