Берер өнегесі жоқ 120 әнге тыйым салынды
|
Қытай билігі қоғамға қауіпті деп тапқан 120 әнге тыйым салды. CNN ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, Қытайдың мәдениет министрлігі бұл әндер зорлық-зомбылықты, бағынбауды, т.б. өзге де өнегесіздікті насихаттайтынын алға тартып отыр. Айтуға, эфирден беруге тыйым салынған әндердің арасында «Ақша жоқ болса, дос та болмайды», «Мектепке барғым келмейді», «Кездейсоқ байланыс» секілді тақырыбының өзінен өнегесіздіктің сарыны білінетін әндер бар. Қара тізімге ілінген әндер ғаламтордан алып тасталынатын болады. Ал заңға бағынбағандар қатаң жазаланады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді