Белгиялық дәрігер еврей азаматшасын емдеуден бас тартты
Белгиялық дәрігер еврей азаматшасын емдеуден бас тартты
2 жыл бұрын 1695

Белгиялық дәрігер қабырғасы сынып, емделмек болған еврей азаматшасына Палестинаға барса, сонда ауруының қоятындығын айтқан. Яғни, бас тартқан. Бұл сөзді дәрігер әлгі әйелдің баласына телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан көрінеді.

Оқиға былай болған. 31 шілде күні Антверпена тұрғыны Берта Кляйн өзінің қабырғасын оқыстан сындырып алады. Сөйтеді де, баласына үйге дәрігер шақыртуын өтінеді. Баласы анасының өтініші бойынша тегін желі арқылы ауруханаға қоңырау шалса, кезекші дәрігер оның қоңырауын жауапсыз қалдырған.

«Мен бармаймын», - деп тұтқаны қоя салған. Берта ханымның баласы тағы да қоңырау шалып себебін сұраған. Сонда дәрігер: «Анаңызды Газаға жіберіңіз, сонда оның ауруы бірден қояды», - депті. Кейіннен анықталғандай, дәрігер мұны Израилдің Газаға жасап жатқан шабуылына наразылық ретінде жасапты.

Соңғы кезде мұндай наразылық әрекеттер Белгияда белең ала бастаған. Осыдан көп өтпей бір дүкеннің сатушысы еврей азаматшасына қызмет көрсетуден бас тартқан. Тағы осыған ұқсас жағдайлардың бірі, Льеж қаласындағы бір кафеде жергілікті полиция қызметкерлері: «Сионистер мен еврейлерге кіруге болмайды» деген жазуы бар тақтаны алуға мәжбүр болды.  

0 пікір