Бейтаныс міскіндерге көмектесуден көш бастаған елдер белгілі болды
Бейтаныс міскіндерге көмектесуден көш бастаған елдер белгілі болды
5 жыл бұрын 1900 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

World Giving Index-тің мәрттікке қатысты жыл сайынғы рейтингісі бойынша Африка құрлығында орын тепкен Кения, Либерия, Сьерра-Леон, Нигерия, Замбия, Уганда, Малави мемлекеттері көш бастаған. Бұл жайында ВВС Africa ақпарат көзі хабар таратты. Бейтаныс адамға қолұшын созу - Charities Aid Foundation деп аталатын британдық қайырымдылық қорының мәрттік пен жомарттыққа қатысты World Giving Index индексін түзуде басты қаперге алатын әрі пайдаланатын өлшемдерінің бірі. Аталмыш индекс күллі әлемнің әр түкпірінен 1,3 млн адамды қамтыған, яғни, сауалнамаға қатысқандар есебінен 10 жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтиесіне негізделген. Зерттеу барысында қанша адамның қалтасынан қайырымдылыққа қаражат шығаратынына және волонтерлікке қанша уақыт бөлетініне назар аударылған. Бір таңқаларлығы, аталмыш индексте африкалық елдер басқа құрлықтағыларға қарағанда оқ бойы озық шыққан. Тұрмыстық әрі әлеуметтік жағдайдың төмендігіне қарамастан. Бұл рейтингте алғашқы ондыққа кірген елдердің жетеуі африкалық мемлекеттер.

0 пікір
Мұрағат