Батпырауық баланың ажалына себепкер болды
|
Вьетнамда Ван Минь Дат есімді бес жастағы баланың ажалына көлемі 14 метрге жететін батпырауық себеп болды. Бұл қайғылы оқиға Хошимин қаласында орын алған. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, дәстүрге айналған батпырауық фестивалінде сусын сатып тұрған анасына көмекке ұмтылған баланың аяғына батпырауық жібі оратылып қалған екен. Кенеттен соққан желден батпырауық көкке көтеріліп, жеткіншек 18 метр биіктіктен төмен құлдилаған. Жедел жәрдем дер кезінде келі жеткенімен, бала ауруханаға бара жатқан жолда үзіліп кеткен. Батпырауық көкке көтеріліп бара жатып, баланың анасы сусын қойған үстелді құлатып кеткен. Сусын құйылған шөлмектерді көтермек болған кезде аяғы жіпке оратылып қалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды