Барлық тауарға «климат әр түрлігінің белгілері» енгізілуі мүмкін
Барлық тауарға «климат әр түрлігінің белгілері» енгізілуі мүмкін
5 жыл бұрын 2012 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияның халық партиясының өкілдері өздерінің климат өзгерісіне қатысты ұстанған саясаты аясында ел аумағындағы барлық тауарға «климат әр түрлігінің белгілерін» енгізуді ұсынып отыр. Тұтынушы қай өнімнің табиғатқа тигізер әсері мен залалы қаншалықты екенін біліп, соған орай таңдау жасауы үшін көтеріліп отыр мұндай бастама. Аталмыш партияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерге жауапты өкілі Мортен Мессершмидтің «экологиялық белгі соғу» туралы бұл бастамасын ғалымдар да қолдап отыр. Мәселен, Орхусс университетінің экономикалық психология профессоры Джон Тёгерсен бұл бастама қоғамға әсер етуі жағынан тиімді. Өйткені, адам тұтынушы, дүкенге бас сұқпайтындары кемде-кем. Осылайша тұтынушылардың назарын экологиялық мәселелерге аударып, табиғатқа ұқыпты қарауына септігін тигізеді. Десе де кей сарапшылар мұндай белгілерді тауарға енгізудің күрделілігін алға тартып отыр. Мәселен, тағам өнеркәсібінің өнімдері. Нақты тауардың климатқа әсер ету деңгейі көптеген факторларға байланысты.

0 пікір
Мұрағат