Барлық жеміс-жидек фермасы жылыжайға ауыстырылады
Барлық жеміс-жидек фермасы жылыжайға ауыстырылады
4 жыл бұрын 2052 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл, яғни, 2018 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың наурыз айына дейін Иран аумағында 2654 гектар жерге жылыжай салынған, олардың 539-ы қайта жөндеуден өткен. Шиғалар елінің Fars ақпарат агентігінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, ядролық бағдарламасына байланысты санкция астында қалған ел тұрғындарын жеміс-жидекпен және көкөніспен қамтамасыз етуге бағытталған осынау жобаны жүзеге асыру барысында 32 мыңнан аса тікелей және 64 мың жанама жұмыс орны ашылған. Жылыжай құрылысы мен жөндеу жұмыстары бір жылда 360 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін жылына 950 мың тоннаға дейін арттыруға септігін тигізген. Жылыжай ауыл шаруашылығы үшін қажетті тұшшы судан тапшылық көріп отырған елге шаш-етектен пайдасын тигізіп жатыр. Иранның ауыл шаруашылығын дамыту министрлігі жылыжай аумағын 2025 жылға дейін 48 мың гектарға дейін ұлғайтуға бел байлап отыр. Иранның ауыл шаруашылық министрлігі қолға алған жылыжай аумағын ұлғайту жобасының жетекшісі Уәлиолла Бани-Америдің айтуынша, аталған ел билігі жылына жылыжайлардан 21 млн тоннаға дейін ауыл шаруашылық өнімдерін алуды алдына мақсат етіп қойған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Иран бүгінгі таңда әлем бойынша жылыжай аймағын кеңейтуден көш бастап тұр. Мексикадан кейін. Иранның ауыл шаруашылық министрлігі ел аумағындағы барлық жеміс-жидек фермасын он жыл ішінде түгел жылыжайға көшіруді көздеп отыр. Осылайша жылына 10 млрд текше метр суды үнемдемек.

0 пікір
Мұрағат