БАНГЛАДЕШТЕ СЕКСЕНДЕГІ ҚАРИЯҒА ҰҚСАЙТЫН СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ (ВИДЕО)
БАНГЛАДЕШТЕ СЕКСЕНДЕГІ ҚАРИЯҒА ҰҚСАЙТЫН СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4629 muslim.kz

Бангладеште дүниеге келген сәбидің бетін әжім басып, терісі қартайып кеткен. Оның басындағы шашы дүниеге келмес бұрын толық шығып, арқасын жүн басқан.

Дәрігерлердің айтуынша, бала прогерия деген науқаспен туған. Мұндай аурудан адамның денесі көзді ашып-жұмғанша қартайып, ол өмір сүрудің күнделікті қалпынан бас тартуға мәжбүр болады екен.+

Бұл өте сирек кездесетін науқас Жер бетіндегі әрбір 4 миллион халықтың біреуінде кездеседі. Бірақ, осының барлығына қарамастан, қазірдің өзінде сексеннің сеңгіріне жеткен қарттай көрінетін сәбидің ата-анасы «бұл баланы Құдайдың бергеніне шүкіршілік ететіндерін» айтады.

Ерлі-зайыптылардың бұл сәбиден өзге бір қызы бар.

0 пікір
Мұрағат