Балалар арасынан да жанкешті шыға бастады
Балалар арасынан да жанкешті шыға бастады
9 жыл бұрын 2521

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Майдугури қаласында өзін-өзі жарып жіберген қыздың жасы шамамен 10-да. Бұл туралы nur.kz ақпарат көзі ria.ru сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оқиға орнында 10 адам көз көз жұмды.

Қызыл крест пен куәгерлерге сілтеме жасай отырып "Франс Пресс" агенттігі базардағы жарылыс жергілікті уақытпен 12:40-та орын алғандығын жазады. Лаңкестік әрекетті әзірге ешбір ұйым мойнына алған жоқ.

0 пікір
Мұрағат