Бала тумайды деген әйел балалы болып, жұрттың жағасын ұстатты
Бала тумайды деген әйел балалы болып, жұрттың жағасын ұстатты
9 жыл бұрын 5922 Бетім-ау, не дейді?

Италияда жаға ұстатар оқиға болды. Үйленуге, жыныстық қатынасқа түсуге үзілді-кесілді тыйым салынған христиан діні өкілі саналған монах қыздың босануы, жұрттың жағасын ұстатты. Бұл жайында италияндық «Il Corriere Adriatico» газеті жариялады.

Оқиға Италияның Мачерата қаласында болған. «Ішім қатты ауырып жатыр» деген соң жанындағы монах сіңілілерінің жәрдемімен ауруханаға жеткізілген қыз дәрігерден аяғының ауыр екенін біледі. Мұндай хабарды он ұйықтаса да түстерінде естімейтін жұрт қайран қалысады. Тіпті, қыздың өзі де «ауруханаға дейін аяғымның ауыр екені ойыма да кіріп шықпапты» деп таңғалысын жасырмаған. Осылайша «еркекпен жақындаспайтын» монах қыз баласын туып алады. Дәрігерлер дүниеге келген баланың денсаулығы жақсы екенін айтып отыр. Қыздың монах сіңілілері де баланы жанымызға алып, бағып-қағуға дайынбыз дейді.

Бұл Италиядағы алғашқы оқиға емес. Былтыр да 33 жастағы Сальвадор есімді монах қыз бір ұл тауып алып, жұртты шулатқан еді. Есімін де «Поп Францис» қойған екен. Өзі де бала сүю бақытына ие болғанына қуанышты екенін айтып: «Бұл Алланың маған берген сыйы. Мен монах болғаннан гөрі, ана болғанда бақыттырақ екенмін», – деп ағынан жарылыпты. 

0 пікір
Мұрағат