Бакуде Транскаспий халықаралық теңіз бағдарын дамыту мәселесі талқыланды
Бакуде Транскаспий халықаралық теңіз бағдарын дамыту мәселесі талқыланды
2 жыл бұрын 655

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселесі жөніндегі Үйлестіру комитетінің 2015 жылдың алғашқы жұмыс тобының отырысы өткізілді деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Транскаспий көлік бағдарын Үйлестірудің тұрақты комитетінің жұмыс тобының отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Түрік мемлекеттік темір жолдары, «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда порты, «Әзербайжан Каспий теңізі кемежайы»ЖАҚ, «Батуми теңіз порты» ААҚ , «Ақтау халықаралық теңіз порты» ҰК» АҚ-ның басшылары қатысты.

Отырыста жүктерді алып жүрудегі бәсекелестік ставкасы, Транскаспий халықаралық көлік бағдарында контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру мен жарақтандырудың кешенді ставкасына қатысты жайлар қаралды.

Отырыс барысында тараптар биылғы жылы Қытай-Қазақстан –Әзербайжан –Грузия –Түркияға жаңадан іске қосылған Жезқазған-Бейнеу темір жолын, Ақтау теңіз портының әлеуетін пайдаланып, оған қоса Ахалкалаки –Карс темір жол желісі арқылы тарифтік жеңілдікпен контейнерлік сервистік бағдарды жіберуге уағдаласты.

Аймақтағы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, кеңеске қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау көлемін жылына 5,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге болатын бірлескен шаралар қабылдады.

Транскаспий көлік бағдарын Үйлестірудің тұрақты комитетінің 2015 жылғы төрағасы болып «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сайланды.

Транскаспий көлік бағдарын Үйлестіру комитетінің келесі отырысын биылғы наурыздың 5-7 күндері Стамбулда өткізу жоспарланып отыр. 

0 пікір