Байлар мен кедейлердің арасы алшақтап барады
Байлар мен кедейлердің арасы алшақтап барады
2 жыл бұрын 772

Oxfam қайырымдылық ұйымының мәліметі бойынша 2016 жылға қарай, халықтың 1 пайызы қалған 99% пайызына қарағанда байығын үстіне байи түседі.

Ұйым жыл сайын әлемнің ең ықпалды адамдарын Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға шақырады. Ол жерде күннен-күнге байлар мен кедейлер арасының тым алшақтап келе жатқаны талқыланады.

Oxfam басшысы Уинни Бьяньима қазіргі кезде әлеуметтік теңсіздіктің қатерлі деңгейге жеткенін, әлемдегі ат төбеліндей байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықтың жедел қарқын алғанына алаңдаушылық білдірді. Нақты санмен өрнектегенде, яғни, Oxfam есебіне қарағанда әлемдік дәулеттің 1 пайызына ие болып отырғандардың байлығы 2009 жылы 44 пайызды құраған болса, 2014 жылы олардың байлығы 48 пайызға артқан.

Қайырымдылық қор мүшелері өз кезегінде әлем елдерінің билік саласындағы басшыларын салық төлеуден жалтарғандармен күресуге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға шақырды.

Сондай-ақ, заңды түрде ең төменгі айлық табыс пен өмір сүру деңгейін белгілеуді және оның әділ белгіленуін қадағалауды өтінді.

0 пікір