БАӘ мұсылмандары жаңбыр сұрады
БАӘ мұсылмандары жаңбыр сұрады
9 жыл бұрын 3256

БАӘ президенті шейх Халифа ибн Зайд ән-Нахаян имамдарды және барлық мұсылмандарды Алладан жаңбыр сұрап, дұға етуін өтінді. 27 қараша күні әмірліктің барық мешіттерінде жаңбыр сұрау рәсімі болып өтті. 

Ел басшысы Исламда белгілі "Салат әл-Истиқа" намазын оқуға бұйрық берді. Барлық мұсылман жамағаты сол күні құрғақшылық жайлаған елі үшін Алла Тағаладан жаңбыр сұрап, дұға жасады. 

0 пікір
Мұрағат