Азаматтарға жынысын ауыстыруға заңмен тыйым салды
|
Венгрия парламенті – Ұлттық жиналысы ел тұрғындарына жынысын ауыстыруға заңмен тыйым салды. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш заң жобасына 133 депутат ақтап дауыс берсе, 57-сі қарсы шыққан. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан қабылданған құжат өз кезегінде адамдардың жынысын құқықтық тұрғыдан анықтауға қатысты түрлі шатасуларға бұдан былай жол бермейтінін атап өтті. Десе де жергілікті құқық қорғаушылар адам жаратылысына жат әдетке тыйым салатын аталмыш заң талаптарын дәстүрлі емес төсек қатынасындағы азаматтарды кемсітушілікке ұшырататынын алға тартып, аттандап жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді