Аятолла Еуропа мен АҚШ жастарына ашық хат жолдады
Аятолла Еуропа мен АҚШ жастарына ашық хат жолдады
9 жыл бұрын 2819

Иранның рухани көсемі аятолла Әлі Хаменей Еуропа мен АҚШ жастарына ашық хат жолдады. Ол хатында жастарға ислам дінін дұрыс түсінуге үндеген. Ол үшін қасиетті Құранды зерделеу керектігін де ескерткен. Сондай-ақ, аятолла батыс елдерінің саясатында үрейлендіру, арандату секілді әрекеттерге ұдайы жол берілетінін мәлімдеген. «Мен сендерге үн қатып отырмын. Өйткені, еліңнің болашағы сендердің қолдарыңда. Мен сендердің саясаткерлеріңе, мемлекет қайраткерлеріне үн қатпаймын. Олар әділдік пен ақиқатты саясаттан саналы түрде бөліп қарастырады»,- деп айтылған үшбу хатта. 

0 пікір
Мұрағат