Авторитарлық режимнен экономикасы тұралаған түркітілдес ел
Авторитарлық режимнен экономикасы тұралаған түркітілдес ел
5 жыл бұрын 3806 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресми статистикалық мәліметке үңілсеңіз, Түркімен экономикасы қарқынды даму үстінде, өрлеп келеді. Алайда, тәуелсіз сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары аталған елге реформаның ауадай қажет екенін алға тартып отыр. Газ кеніші бойынша әлемде төртінші орында тұрған елдің ертеңі осынша ас та төк қазба байлыққа қарамастан бұлыңғыр. Атадан балаға берілген билік пен авторитарлық режим бұл елді күйретіп тынатын түрі бар. Егер ресми дерекке сенсек, түркіменнің жалпы ішкі өнімі өткен жылы 6,2%-ға өскен. Тіпті, даму дағылына түстік деген көрші елдердің, яғни, Орта Азия елдерінің бәрінің көрсеткішін қоса алғанда көп. Осыған қарамастан аталған ел терең дағдарыста отыр. "Басты проблема саяси құрылымда жатыр: КСРО-ның құрамында болған елдер авторитаризм мен коррупция проблемасымен азды-көпті бетпе-бет келген болатын. Ал Түркіменстанда бұл насырға шапқан көрші елдерге қарағанда. Мұны аталған елдің экономикалық және коррупциялық рейтингтерінде соңғы орыннан көрініп жүргенінен байқауға болады",- деді әлеуметтік желінің ресейлік сарапшысы Михаил Мащенко. Мәселен, өткен жылы Түркіменстан жең ұщынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық бойынша рейтингте 180 елдің арасында 162-ші орынға табан тіреген. Түркіменстанда, тіпті, нанның өзі қат азыққа айналған. Бір адамға бір табан наннан артық берілмейді. Күніне. Бұл жайында "Түркінестан хроникасы" ақпарат көзі хабар таратты. Бұл елде соғыс жылдарындағыдай азық-түлік түрлері шақтап беріледі. Бұдан бөлек, аталған елде әлеуметтік жеңілдіктер бірінен кейін бірі жоғалып жатыр. Нарыққа көшу деген желеумен. Осы уақытқа дейін коммуналдық қызмет ақысы тегін болып келген еді. Ол ол ма, "ғылымды бәсекеге қабілетті ету әрі ғылыми қызметті дамыту" деген желеумен ұлттық ғылым академиясын жауып тастады. Шын мәнінде, бюджет тапшылығынан осындай қадамға барып отырғанын жасыруда. "Түркіменстанның баламалы жаңалығы" тәуелсіз басылымы таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, газ өндіру саласындағы былық-шылық өзінің шарықтау шегіне жеткен. Аталмыш ақпарат көзіне сенсек, соңғы он-он бес жыл ішінде "Түркімен мұнайы" мен "Түркімен газы" пайда түсіруден қалған. Мемлекеттің аталған стартегиялық өндіріс орындары "қалта донорына" айналған. Яғни, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың кесірінен, тіпті, шетелдік компаниялардың алдында бірнеше миллиондаған қарызға батқан. Сондай-ақ, аталған елде жекеменшік ұғымы ұмытылған. Жекеменшік сектордың өзі науқас адамның халін еске түсіреді. Жұмыссыздықтың белең алуы да, тұтнушылық деңгейінің төмендеуі де, т.б. проблемалар авторитарлы режим құламайынша әрі реформа жүргізілмейінше жойылмайды. Түркіменстан экономикасының негізгі тірегі саналатын мұнай-газ саласына келсек, аталған ел аумағында 190-нан аса мұнай және газ кен орны ашылған. Ал Каспидің аталған елге қарайтын жағалауындағы көміртек қоры: мұнайдың 12 млрд тоннасына, газдың 6 трлн текше метріне ие. Яғни, газ қоры бойынша, Катардан, Ираннан және Ресейден кейінгі орында тұрған ел. Газ өндіруден артта қалған ел. Бұл бағытта Түркіменстан Қазақстан мен Әзірбайжан жолымен де жүруіне болатын еді: шикізатты өндіретін шетелдік, соның ішінде батыстық энергетикалық корпорацияларға инвесторларға есігін айқара ашса, көп мәселе өздігінен шешілер еді. 

0 пікір
Мұрағат