Автобусқа шабуыл жасағандар 41 адамды қырып салды
Автобусқа шабуыл жасағандар 41 адамды қырып салды
9 жыл бұрын 2914

Пәкістанның Қарашы қаласында белгісіз біреулер «әл-Азһар Траст» деп аталатын исламишыл қайырымдылық қорының автобусына шабуыл жасап, 41 адамды қырып салды. Бұл жайында «әл-Жазира» ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан бөлек, бірнеше адам жарақат алған, олардың 20-ның халі ауыр. Олар емханаға жатқызылды. Содырлардың оғынан қаза тапқандардың 16-сы әйелдер. Айта кетеріміз, исламишылдар – шииттердің бір тармағы. Аталмыш секта өкілдерінің дені Пәкістан мен Тәжікстанның солтүстік бөлігінде шоғырланған. «Тәліптер» қозғалысы оларды бірнеше мәрте сынға алған болатын. Тәліптер оларды «діннен безгендер» және «батыстың тыңшылары» деп атайды. Тәліптердің ойынша, оның көсемі Аға-Хан IV АҚШ-тың арнайы қызметімен байланысқан. 

0 пікір
Мұрағат