Австралиялық балықшылар сирек кездесетін акуланы аулады (фото)
Австралиялық балықшылар сирек кездесетін акуланы аулады (фото)
9 жыл бұрын 4548

Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауынан жергілікті балықшылар өте сирек кездесетін акула түрін тауып алды. Бұл жайында National Geographic ақпарат көзі хабар таратты. Бұл акуланың дене тұрқы соңғы 80 млн жыл бұрынғы қалпынан еш өзгермеген. Яғни, ғалымдардың айтуынша, осыдан 80 млн-дай жыл бұрын осы жыртқыш балық пайда болған. Қошқыл әрі қоңыр түсті акуланың дене тұрқы жыландікіне ұқсас болып келеді әрі тістері ұсақ болғанымен аса үшкір келеді, Акуланың ұзындығы екі метрге дейін жетуі мүмкін. Балықшылардың ауына түсіп қалған акуланың ұзындығы да осындай. Австралияның оңтүстік-шығыс балық аулау қауымдастығының атқарушы директоры Саймон Боугтың өзі мұндай олжаға айран-асыр қалғанын жасырмады: «Мына балық өзге уақыт өлшемінен келгендей көрінеді. Расымен де, оған 80 млн жыл болған шығар. Оны балаларыма ұйықтар алдында көрсетпес едім»,- деді ол тілшілерге. Хабарға қарағанда, балықшылар, сонымен қатар, шамамен 700 метр тереңдіктен ең ежелгі акуланы аулаудың сәті түскен. Акуланың бұл түрі 1500 метр аса тереңдікте мекен етеді.

0 пікір
Мұрағат