Австралия мұсылман әйелдері футболдан өнер көрсетеді
Австралия мұсылман әйелдері футболдан өнер көрсетеді
9 жыл бұрын 2934

Австралия мұсылман әйелдерінен құралған футбол командасы елдегі ашық футбол турниріне қатысады. Бұл жайында ummet.kz ақпарат көзі хабар таратты.

«Оберндік алыптар» командасының шабуылшысы Амна Карра-Хассан: «Мельбрун стадионында ірі жарысқа жолдама алу – бас жүлде иелене алмаса да, үлкен додаға ілігудің өзі қай команда үшін де үлкен жетістік» деп өз пікірімен бөлісті.

Карра-Хассан бұл бастама жай ғана спорттық тәжірибе шыңдау емес, әлемді дендеген исламофобияны тоқтатудың да бір жолы екенін айтады.

Осылайша, «Оберндік алыптар» мұсылман әйелдер командасы Австралия футбол лигасында өнер көрсетуге жолдама алып отыр.

1 пікір
Мұрағат