Ауыз бекіткен мұсылман Сирия халқы үшін жүгіреді
Ауыз бекіткен мұсылман Сирия халқы үшін жүгіреді
10 жыл бұрын 3201

Брэдфордтың жас тұрғыны сириялық босқындарға қаражат жинау үшін күннің аптап ыстығына қарамай 10 шақырымдық марафонға қатысуға бел байлап, тәуекел етіп отыр. «Қатты әлсіреуім мүмкін, алайда, менің бұл қиналғаным сириялық босқындар тартып жатқан азаптың қасында түк емес»,- деді Назым Әлі ағынан ақтарылып Yorkshire Standard ақпарат көзіне берген сұхбатында. Оның жүгіруден тәжірибесі де жоқ емес. Ол түрлі қайырымдылық шараларына қатысып, 10000-нан аса фунт стерлинг қаржы жинаған болатын. Назым Әлі қатысатын марафон шілде айының 20-ы күні өтеді.

0 пікір
Мұрағат