Аула сыпырушының ажалы ойламаған жерден, аяқ астынан болды (Видео)
Аула сыпырушының ажалы ойламаған жерден, аяқ астынан болды (Видео)
2 жыл бұрын 4478

Адамның ақылына сыймайтын мына бір көрініс ғаламтор кезіп, біраз жұртты таңқалдырды. Бақылау камераларының біріне түсіп қалған көріністе, мектеп ауласын сыпырушының ажалына қоқыс жәшігі мен жылжымалы қақпа себепкер болды. Бұл оқиға Малайзияның астанасы Куала Лумпур қаласында орын алған. Бұл жайында rotahaber.com хабарлады.

Аталған қайғылы оқиға былай болған: мектеп ауласынан үлкен қоқыс жәшігін қақпа сызығынан өткізіп қойған аула сыпырушы артынша жылжымалы қақпаны жабуға кіріседі. Кенет қоқыс жәшігінің тұсына келгенде қақпа әлгі адам тұрған жаққа қисая құлайды. Нәтижесінде, қақпамен бірге құлаған адамның мойны қоқыс жәшігінің жиегіне ілініп, үстінен басып қалған қақпаның кесірінен тіл тартпай кетеді.

Ажал айтып келмейді. Жазмыштан озмыш жоқ деген осы болар. Дегенмен де, адам ойлап көрмеген осы бір ажал түрі таңқалдырғанымен қоймай, әрбір пендені ойландыра алса жарар еді.  

3 пікір