Ауғанстанда Қытайдың әскери базасы бар ма
Ауғанстанда Қытайдың әскери базасы бар ма
6 жыл бұрын 4441 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Oсы жылдың бас кезінде, дәлірегі, қаңтар айында Қытай мен Ауғанстан билігі Ауғанстанның Қытаймен және Тәжікстанмен шектесетін таулы аймағында – Бадаһшанда қытайлардың әскери базасы ашу туралы келісімге келген деген ақпарат тараған болатын. Десе де Ауғанстанның жоғары шенді әрі лауазымды бірқатар ресми тұлғалары бұл ақпаратты растағанымен қытай жағы теріске шығарып келеді. Мәселен, қаңтар айының 25-і күні Қытайдың қорғаныс министрлігінің ресми өкілі У Цянь бұл ақпараттың негізсіз екенін арнайы мәлімдеді. Баспасөз мәжілісінде. Іле-шала ауғандық ресми тұлғалар өз дәлелдерін алға тартып, бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтындығын жеткізді. «Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің өкілі ретінде мен тағы да қайталап айтамын: біз Қытай қорғаныс министрлігімен елдің солтүстігіндегі Бадаһшан провинциясында жаяу әскер үшін әскери база құрылысын жүргізу турасында келісімге келдік»,- деді генерал Дәулет Базири «Ферғана» ақпарат көзіне бірген сұхбатында. Сондай-аұ, генерал қытайлардың әскери база құрылысының қашан қолға алынатынын хабарсыз екенін жеткізді. Сонымен қатар, Ауғанстанның қорғаныс министрлігінен тағы бір лауазымды тұлға Мқхаммед Радманис: «Қытай аталған аймақта таулы жаяу әскер базасын ашу турасында алдымен өздері ұсыныс жасады әрі оның барлық шығынан өз мойнына алды», - деп мәлімдеді. Жасырын ақпарат көзі келтірген мәліметке қарағанда, қытайлық әскерилер Тәжікстан арқылы келеді Бадаһшанға. Өйткені, Қытайдан Ауғанстанға өтетін тікелей жол жоқ.  Тек ауған ресми тұлғалары ғана емес, бұл ақпаратты AFP агенттігі де растап отыр. Аталған ақпарат көзінің тілшілері қытай әскери базасы ашылуы тиіс аймақта өткен жылдың қазан айында болып қайтқан екен. Олардың дерегінше, қытай армиясының өкілдері жазда келіп кеткен. Қытай Ауғанстанда әскери базасын ашуға неге құлшынып отыр және бұл ақпаратты неге жасырып отыр? Бұл туралы әзірге сарапшылар тарапынан ештеңе айтылған жоқ. Біздің шамалауымызша, Қытай барынша дабырайтпай, әлем жұртшылығының назарын аударып алмай, Орта Азияға сыналап еніп келеді. Бір тұмсығын тығып алғаннан кейін ықпалын арттырады. Бұл сөзсіз Қытайдың геосаяси, экономикалық, т.б. мүддесіне пайдалы қадам.

0 пікір
Мұрағат