Ауғанстанда ең соңғы америкалық Баграм түрмесі жабылды
Ауғанстанда ең соңғы америкалық Баграм түрмесі жабылды
9 жыл бұрын 3127

Пентагон Ауғанстандағы өздерінің Баграм әскери базасындағы ең соңғы түрмесін жапқандарын мәлімдеді. Баграм әскери базасы Кабул қаласынан солтүстікке қарай 47 шақырым қашық жатыр. «Қорғаныс министрлігі ендігі жерде Ауғанстандағы түрмелерге басшылық жасамайды әрі ондағы тұтқындар үшін жауап бермейді», - дейді Пентагон өкілі Майлс Кэггинс "Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігіне берген сұқбатында. Аталмыш ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, Орталық барлау баасқармасы тұтқындарды қараңғы әрі суық бөлмеде оқшаулап ұстау арқылы азаптаған. Абақтыға жабылғандарды бүлінген жеміс-жидекпен қоректендіргені әрі қол-аяқтарын байлап, таңып тастайтыны әшкере болған. 

0 пікір
Мұрағат