Ауғанстанда 150-ден аса тәліптің көзі жойылды
|
Ауғанстанда 12 күнге созылған тәліптерге қарсы жүргізілген әскери іс-қимыл нәтижесінде 151 содырдың көзі жойылды. Олардың 17-і шетелдік азаматтар. Бұл жайында Ауғанстанның күштік құрылымдар өкілі мәлімдеді. Алайда, тәліптер ел билігінің бұл ақпаратын теріске шығарып отыр. Бұрынғы ауған президенті Хамид Карзайдың баспасөз хатшысы мәлім еткендей, АҚШ билігі тәліптердің қайда жасырынғанын білсе де оларды тұтқындамаған. АҚШ билігінің неліктен мұндай қадамға бармағаны құпия күйінде қалып отыр. Десе де, бұрын Пентагон ел қауіпсіздігіне қатер төндірмесе тәліптерге тиіспейтінін мәлімдеген еді. Пентагон өкілі контр-адмирал Джон Кирбидің айтуынша, тәліптер қозғалысына кіргені оларды тұтқындауға жеткілікті негіз бола алмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді