Ауғандықтар қажылыққа үш жылдан соң ғана бара алады
Ауғандықтар қажылыққа үш жылдан соң ғана бара алады
10 жыл бұрын 3209

Биыл Ауғанстаннан қасиетті сапарға ұзын саны 24 000 адам қажылыққа аттанатын болды. Бір ерекшелігі, бұл елде қасиетті сапарға аттанатындардың қарасы көп болғандықтан Ауғанстанның қажылық және дін істері жөніндегі министрлігі әр ауданға белгілі бір квота белгілеуге мәжбүр болып отыр. Оның өзінде де дауыс беру арқылы қажылыққа аттанатындардың тізімі жасалады. Қасиетті сапарға аттануға мүмкіндік алғандардың өзі жаңа жүйе бойынша алдын ала ақшасын төлеп, үш жыл күтуіне тура келеді. Яғни, алдын ала ақшасын төлеу арқылы брондап қояды. Аталмыш министрліктің бұл жүйесіне наразылық танытқандар да болды. Алайда, ауған билігі аталмыш жүйеден бас тартпайтындарын мәлімдеді. Неге десеңіз, мұндай жүйе Түркия, Иран және Малайзия секілді алдыңғы қатарлы мұсылман елдерінде сәтті жүзеге асырылуда. 

0 пікір
Мұрағат