Атом энергетикасы адамзатты климат өзгерісі қатерінен құтқара алмайды
Атом энергетикасы адамзатты климат өзгерісі қатерінен құтқара алмайды
1 ай бұрын 351 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға межеленген, атмосфераға зиянды қалдықтардың бөлінуін нөлдік деңгейге түсіруде атом энергетикасының тигізер көмегі шамалы, деп отыр антрополог Джейсон Хикель. Бұл жайында The Foreign Policy ақпарат көзі хабар таратты. «Кейбіреулер ядролық энергетиканың барлық проблеманы шешуге, қиындықтарды еңсеруге көмектесетініне сенеді. Сөз жоқ, ядролық энергетикаға да көңіл бөлуіміз керек, алайда, оның да өз шегі бар»,- деп мәлімдеді ол. Антрополог айтуынша, АЭС-ті іске қосу көп уақыт алатындықтан ғасырдың орта шеніне қарай межеленген зияндық қалдықтардың атмосфераға бөлінуін нөлдік деңгейге жеткізуге септігін тигізе алмайды. «Тіпті, ұзақ мерзімді перспективаның өзінде жер бетіндегі барлық АЭС қуаты 1 тераваттан әрең асатын болады. Ег орасан зор технологиялық секіріс болмаса, энергияның көп бөлігін жел мен күннің есебінен өндіретін боламыз»,- деді ол сөзін толықтырып. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Біріккен ұлттар ұйымында климат өзгерісі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы XXI ғасыр аяғында дейін ауа температурасын Цельсия бойынша 1,5 градустан асырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды көлденең тартқан болатын. Бері алғанда 2030 жылға дейін парникті газдың атмосфераға бөлінуін 45%-ға азайтуға қол жеткізуді мақсат етіп қойған еді.

0 пікір
Мұрағат