Асыққан дәрігерлер мәйітті қоқысқа тастай салды
Асыққан дәрігерлер мәйітті қоқысқа тастай салды
10 жыл бұрын 3101

Ұлыбританияның шығысында ауысымды тезірек аяқтап, жұмыстан ертерек кетуге асыққан жедел жәрдем дәрігерлері ер адамның мүрдесін қоқысқа тастай салған. Оларға адам сүйегіне құрметсіздік танытқаны үшін және індет ошағына апарып соқтыратын салақтыққа жол бергені үшін айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.  

Дәлірегі, жедел жәрдем дәрігерлері Кембридждегі орталық аурухана мәйітханасында қаза тапқан 32 жастағы ер адамның сүйегін апаруға ерінген. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Адамдардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті мұндай үрдіс кейінгі кезде белең алып, жиі қайталанатын болып жүр. Медициналық қалдыққа тек адам сүйегі мен кесілген ағзасы ғана емес, сонымен қатар, түрлі сырқаттан көз жұмған пациенттерді емдеуге кеткен медициналық құралдар да жатады. Мәселе, бір жолғы шприцтер де тұрмыстық қалдықтар тасталатын қоқыстан табылып жатады. Ал бұл өз кезегінде дені сау адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Тазалық талаптарын сақтауда үлгі көрсетеді деген медицина қызметкерлерінің өзі осындай жауапсыздыққа барса, өзгелеріне не жорық.
0 пікір
Мұрағат