Астанасының атауын билік емес, халық қоятын ел...
Астанасының атауын билік емес, халық қоятын ел...
5 жыл бұрын 2124 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын «Келесі жылы Мысыр астанасын ауыстырады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-jyly-mysyr-astanasyn-auystyrady-8862#gsc.tab=0) деген тақырыппен берген хабарымызда Мысыр астанасының ауысу себебін және жаңа астанасының құрылысына жұмсайтын шығыны турасында айтып өткенбіз. Таяуда приамидалар елінің билігі елдің жаңа әкімшілік орталығының атауы мен логотипіне байқау жариялады. Бірқатар шартпен. Мысырдың жаңа астанысының атауы екі сөзден аспауы керек, екіұшты мағына бермеуі тиіс әрі аталған елдің саяси бағыты мен діни артықшылығын білдіруі қажет. Тамыз айының 17-не дейін созылатын байқау жеңімпазына 250 000 мысырлық фунт (шамамен 15 мың доллар) тағайындалып отыр. Осылайша, жаңа ел астанасының қалай аталатынын билік емес, халық шешетін болады. 

0 пікір
Мұрағат