Әскери кемелер күмбез астындағы жасанды көлде сынақтан өткізіледі
Әскери кемелер күмбез астындағы жасанды көлде сынақтан өткізіледі
2 жыл бұрын 814

АҚШ-тың теңіз әскері күштері  аса ірі жобаны қолға алмақшы. Дәлірегі, төбесі де, жан-жағы да жабық футбол алаңының көлеміндей кішігірім жасанды көлде әскери кемелер сынақтан өтетін болады. Бұл бассейнге 45 млн литрден аса су құйылған.  Аталмыш бассейн жоғары технологиялы кешендегі теңіз әскері күштерінің суүсті орталығының аумағында орналасқан. Осынау резервуар 1962 жылы салынған болатын. Соңғы алты жылдың ішінде күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.  Әскери мамандардың сөзіне қарағанда, технология ғимарат ішіндегі  ең қатал деген  жасанды климатта да кемелерді сынауға мүмкіндік береді. Мұнда ұзындығы 30 футқа дейін жететін кемелерді де жан-жақты сынауға мүмкіндік бар көрінеді. Ұзындығы 110 метрге, ал ені 73 метрге жететін резервуар теңіз бен мұхиттағы кез келген табиғи жағдайда (қолдан жасау арқылы тудырады) кеменің кез келген үлгісін сынауға мүмкіндік береді. Яғни, компьютермен басқарылатын технология арқылы теңіздегі және мұхиттағы кез келген тосын жағдайларды тудыруға болатын көрінеді. Осылайша әскерилер кемеден зымыранның табиғи тосын жағдайларда және тікұшақтың кемеге қалай қонатынын сынақтан өткізе алады. Кемені сынақтан өткізу барысында оның салмағы, төзімділігі, маневр жасау «кабілеті» және өзге де мүмкіндіктері сарапқа салынады, ескеріледі. Қазіргі уақытта 7 млрд долларға бағаланған DDC 1000 суасты кемесі сынақтан өтуде. 

 

 

0 пікір