Әскери әйелдерге шариғат шәлісін жамылуға рұқсат берілді
Әскери әйелдерге шариғат шәлісін жамылуға рұқсат берілді
7 жыл бұрын 2682 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда әскери әйелдерге қызмет барысында униформа ретінде шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат берді. Тек бір шарты бар: аталған елдің қарулы күштерінде жүрген әйелдердің басына тартатын орамалы униформаның түсіне сәйкес болуы керек. Мұндай ақпарат сәрсенбі күні жарияланған қорғаныс министрлігінің қаулысында айтылған. Орамал тағуға салынған тыйым атқарушы биліктің ресми бюллетінде тиісті нормативтік акті енгізілгеннен кейін күшін жояды. Әскери әйелдердің қызметі барысында шариғат шәлісін жамылуына билік басындағы әділет және даму партиясы ықпал еткен болатын. Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы жоғарғы оқу орындарының қабырғасында шариғат шәлісін жамылуға қатысты шектеу алынып тасталған еді. 2013 және 2014 жылдары мемлекеттік мекемелерде шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат берілген болатын.

0 пікір
Мұрағат