Әртүрлі: Британдықтар үшін үй жануарлары кей туыстарынан да қадірлі
Әртүрлі: Британдықтар үшін үй жануарлары кей туыстарынан да қадірлі
9 жыл бұрын 4259

Жуырда маркетологтар жүргізген сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, үй жануарлары қожайындары үшін кей туыстарынан да, әсіресе, қайын жұрты мен енесінен де қадірлі болып шыққан. Бұл жайында «The Telegraph» ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 22 пайызы үй жануарларын жақын туыстарынан артық көрсе, 21 пайызы қайын жұртынан және енесінен артық көретінін жеткізген. Сауалнамаға қатысқандардың оннан алтысы жаақын туыстарына жұбайының туыстарын немесе әріптестерін жатқызған. Олардың дәрежесі, былайша айтқанда, бір әке-шешеден өрбіген туыстарымен бірдей болып шыққан. Үй жануарларының ішінде, әсіресе, иттердің орны бөлек болып шыққан екен. Олардың адалдығы мен елгезектігі және тілалғыштығы қожайындарын шаттыққа бөлейтін көрінеді. Психолог Марк Эрлстің тұжырым осындай.

 

65 жастағы неміс әйел төрт бірдей сәбиді өмірге әкелмек

Германияда 65 жастағы Аннегрет Рауник есімді тұрғын төрт бірдей сәбиді өмірге әкелмек, - деп хабарлайды "Вести.Ru".
Орыс тілі мен ағылшын тілінің мұғалімі 13 баланы өмірге әкелген, 7 немеренің әжесі. Оның 9 жастағы қызы інісі немесе сіңілісі болғанын қалап, анасын тағы да сәбилі болуға көндірген. Осыдан кейін ол жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтеруге бел буады. Бірнеше рет талпынғаннан кейін 65 жастағы әйел өз мақсатына жетеді.
Төрт бірдей бала көтергенін естіген ол басында қатты таңырқап қалған. Дегенмен Аннегрет төрт сәбиді де дүниеге әкелуді шешіпті. Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік қазіргі уақытта қалыпты. Әйел тұрақты түрде дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетейік, жақын арада Ақтөбе қаласының тұрғыны 54 жасында дүниеге сәби әкелген. Әйел бірдей екі қыздың анасы атанды. Біріншісін ол өзі босанды, екіншісін суррогантты ана туған. Дәрігерлердің айтуынша, әйел баланы жасанды ұрықтандыру жолымен көтеріпті. Енді олардың отбасында үш бала бар. Үлкені - 28 жаста.

 

Африкадан алып адамның сүйегі табылды

Гарвард университетінің антропологтары Оңтүстік Африка Республикасының аумағынан біздің дәуіріміздің төртінші ғасырында өмір сүрген ер адамның сүйегін тапты. Бұл жайында «Пронедра» ақпарат көзі хабар таратты. Жүргізілген сараптама нәтижесіне қарағанда оның генотипі өзгеше болып шыққан. Ал түрі біздің тегіміздің бір бұтағынан тарайды. Бұл сүйек адамзат таармақталмай тұрғанға дейін өмір сүрген типке жатады. Адамзаттың тармаққа бөліну процесі осыдан шамамен 150 мың бұрын басталған. «Бұрынғы адамдар алып болған екен»,- дейтін гипотеза растала түскендей.

 

Алғашқы суасты мұражайы салынады

Түркия билігі бұрын-соңды елде болмаған музей салуды жоспарлап отыр. Тұңғыш рет салынайын деп тұрған бұл музей 20 метр су астынан орын теппек. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты. Алдын-ала келтірілген мәліметтер бойынша жаңа музей Бурса провинциясындағы Изник көлінде салынады. Музей құрылысы үшін таңдалынып алған жерде көне заманғы римдік ағаштан жасалған құрылыс болғанға ұқсайды. Оның орташа жасы 1600 жылды құрап отыр. Ағаш құрылыс 1740-жылғы жер сілкінісі кезінде қатты зардап шеккен.

 

Қытайдың Үрімші қаласында "тозаққа кіретін қақпа" табылды

Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының Үрімші қаласының тұрғындары тау бөктерінде ішінен от шығып жатқан ор тауып алды. Табиғаттың осы құбылысы ғылымда бұрыннан бар еді, бірақ оның "тозаққа апаратын қақпасының" суреттері Желіге енді ғана жүктелді, - деп хабарлайды LifeNews.
Жалын шығып жаиқан жердің қасында тұру мүмкін емес. Оның ішіндегі температура Цельсий бойынша 800 градусқа жетеді, сондықтан ғалымдар жыраның тереңдігін тексере алмайды.
Үрімші тұрғындары бұл жерге "тозаққа кіретін қақпа" деп атайды. Мамандар болса оның астында көмірдің барын айтады. "Өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін мұнда көмір алынды, бұрын да осылай жанып жатқанын дәлелдейтіне құжаттар да бар. Таяуда осындай орларды тағы да тауып қалуымыз мүмкін. Бастысы қажет етілетін шараларды жүргізіп, қауіпті аймақты қоршауға алу", - деді көмір өндіру маманы Цао Джиан Вень.
Басылымның хабарлауынша, әлемнің ең терең отты кратері Түркменстанда және оның аты "Дарваза", яғни "тозаққа кіретін қақпа" деп аталады. Бұл кратерді ғалымдар жаққан болатын. 60 метр болатын шұңқыр 1971 жылдан бері жанып тұр.

 

Испанияда сүйіктісінің арқасына күйдіріп ен салған жігіт сотталды

Испанияның солтүстігінде құрбысының арқасына өзінің лақап атының бірінші әрпін күйдіріп басқан ер адам үш жылға сотталды, - деп хабарлайды Lenta.ru The Local басылымына сілтеме жасап. Оқиға зардап шегуші ұйықтап жатқан кезде болған.
Порталдың мәліметінше, ер адамға зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды. Судьяның айтуынша, лақап аты Каито (Kaito) Лема Антонио Рикардо Санхурхо (Lema Antonio Ricardo Sanjurjo) қыздың арқасына әдетте жануарларға қолданылатын енді күйдіріп басқан.
Басылымның мәліметінше, жігіт пен қыз бірнеше барға барып, Рикардоның үйіне келген. Бірнеше сағат өткенде қыз ұйықтап қалыпты, ал ұйқыдан тұрып, душқа түсіп жатқанда арқасындағы "К" әрпін көрген.
Зардап шеккен қыздың айтуынша, бұған дейін оның жігіті таңбаны көрсетіп, арқасына күйдіріп басуға рұқсат сұраған, бірақ қыз одан бас тартыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт қызды ұйықтатып тастау үшін спирттік ішімдік берген. Сонымен қатар, дәрігерлер оқиға болғанға дейін қызға ауыруды сездірмейтін дәрінің егілгенін анықтады.

 

2020 жылға қарай Сан-Францискода алғашқы суда жүзетін қала салынады

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Сан-Францискода орналасқан Теңіз елді мекендер институты (Seasteading Institute) әлемдегі алғашқы суда жүзетін қаланың құрылысына дайындалуда. Жоба авторлары «адамдардың тұруына арналған жаңа кеңестік түрі» 2020 жылға қарай пайда болады деп уәде беруде. Бұл туралы Вести хабарлады.
Ғылыми орталық мамандары суда жүзетін қала идеясын дамытуда. Қазіргі таңда желіде инновациялық жобаға қаржы жинау науқаны жүріп жатыр. Теңіз елді мекендер институты қызметкерлерінің пікірінше, болашақ қала әрқайсысының аумағы 50 шаршы метрді құрайтын 50 квадрат модульден тұрады.
Бір осындай «тұрғын үй кешені» құрылысының құны 15 миллион долларды құрайды. Бұндай үйдегі баспананың шаршы метрі сатып алушыға 5,4 мың долларға түседі.
Блокта 225-300 адамға дейін тұратын болады, әр блоктың құрылысына 170 миллион доллар жұмсалмақ.

 

АҚШ-та 11 жасар бала әлем картасын жатқа салып шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын 11 жастағы оқушы ұл бала мектеп тақтасына ойша айна-қатесіз дүниежүзі картасын салып шықты.
Бұл туралы UPI агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Ерекше талант иесі мұғалімнің баласы болып шықты. Оны суретке қарындасы түсіріп алған. Картадағы түгел мемлекетті тақтаға түсіруге тырысқан ойын баласы бойы жетпегендіктен, тіпті орындыққа шығуға мәжбүр болған.
Ал оның жадынан шыққан мемлекеттер шекара сызығына дейін дәлме-дәл үйлесімін тапқан. Суретші айдаладағы аралдарға дейін ұмыт қалдырмапты.
Қабілетті баланың аутизм иесі екендігі анықталды. Суреттерді ғаламторға жүктеген оның әкесі ұлының мұндай тылсым өнеріне сүйсіне қарайтынын жасыра алмапты.
Дәл осындай аутизмге ие британдық суретші Стивен Уилтшир 2009 жылы тікұшақтан Нью-Йорктің бейнесін қағазға түсірген болатын.

0 пікір
Мұрағат