Арнайы шараға премьер-министрден басқасының бәрі шақырылды
Арнайы шараға премьер-министрден басқасының бәрі шақырылды
9 жыл бұрын 3427

Үндістанның астанасында орналасқан аса ірі Джама мешітінің бас имамы ұлын наиб-имам қызметіне тағайындауға қатысты өткен салтанатты шараға үндінің көрнекті қоғам қайраткерлерін, саясаткерлерін, лауазымды тұлғаларын, сондай-ақ, шетелдік құрметті меймандарды шақырғанымен ел премьері Нарендру Модиді елеусіз қалдырды. Саид Ахмет Бұхари осынау мұсылмандар үйінің мәртебелі шахи-имам қызметіне ие. Оған бұл қызмет бабаларынан қалған болатын – міне, төрт ғасырдың жүзі болды, бас имам құзыреті ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Осы дәстүрге байланысты алдағы уақытта бұл құзыретке оның 19 жастағы ұлы Шабанға ие болуы тиіс. Ол үшін алдымен ұлы наиб-имам қызметін атқаруы қажет. Тәртібі солай. Тілші қауымы Үндістан бас мешітінің имамынан Пәкістан премьер-министрі Науаз Шәріптің өзі қатысқан бұл салтанатты шараға ел премьерін шақырмауының себебін сұрағанда ол оның мұсылмандар үйінің мәселесіне ешуақытта назар аудармағанын айтып, жауап берді. Бұл жайында The Economic Times ақпарат көзі хабар таратты. Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта Үндістанды исламофобиялық репутациясы бар, мұсылман жамағатының құқығына қол сұққан саясаткер басқарып отыр.

0 пікір
Мұрағат