Арнайы жасақтың құзыреті кеңейтілуі мүмкін: ұшайын деп тұрған халықаралық бағыттағы ұшақтарды тоқтату құқығына ие болмақ
Арнайы жасақтың құзыреті кеңейтілуі мүмкін: ұшайын деп тұрған халықаралық бағыттағы ұшақтарды тоқтату құқығына ие болмақ
5 жыл бұрын 1849 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының арнайы жасақ қызметі кез келген уақытта жолаушылар өміріне қауіп төнсе, т.б. себептер бойынша ұшайын деп тұрған халықаралық ұшақтарды тоқтату құқығына ие болмақ. Осылайша құзыреті кеңейтілген арнайы жасақ қызметі жаңа міндеттермен толығуы мүмкін. Дәлірегі, федералды тергеу бюросының талабы бойынша Ресей авиациясы арнайы жасақ қызметіне әрбір халықаралық ұшақ туралы және жолаушылар жайында ақпарат беруге міндеттеледі. Десе де заңгерлер арнайы жасақ қызметіне берілетін бұл құзыретті құптамай отыр. Қауіпсіздікті желеу етіп, түрлі шектеу мен тыйым салып, жолаушылардың құқығына қол сұғуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Ал аталған елдің көлік министрлігі халықаралық бағыттағы ресейлік ұшуларды жүзеге асыратын әуе компанияларына жаңа ережені енгізуді ұсынып отыр. Аталмыш ереже бойынша ұшуға кем дегенде 30 минуттан кешіктірмей Ресей авиациясына  стандартты деректерді беруді талап етпек. Аталмыш жоба 2020 жылы қолданысқа енуі мүмкін. Нақтырақ әрі тарқатыңқырап айтсақ, жолаушыларды тасымалдаушылар экипаждың және жолаушылардың саны мен ұлттық құрамы, жүктің атаулары, сондай-ақ, ұшу кестесі мен қону уақыты, ұшу бағыты, т.б. мәліметтерді арнайы жасақ қызметіне беруі тиіс. Егер әуе компаниясы мұндай деректерді бермесе немесе беруден бас тартса, оның ұшуы бір айға дейін тоқтатылады. Егер мұндай жағдай үш рет қайталанса, ұшуға 1 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін. Ресей Федерациясынан бөлек, тағы бір елде осыған ұқсас жағдай орын алып отыр - Швеция билігі соғыс кезінде әскерлерге қвжет болған жағдайда жекменшік көлікті азаматтардан рұқсатсыз алуға мүмкіндік беретін бастамаға қолдау білдірді. Шведтердің Sveriges Radio SR ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, швед парламенті аталған елдің қорғаныс министрлігі көтерген бұл бастамаға қолдау білдірген. Тек автокөліетер емес, сонымен қатар, мотоцикл, трактор, т.б көлік түрлерін де алу құқығына ие болмақ швед әскерилері.

0 пікір
Мұрағат