Арабтардың өз «еуропалық одағы» құрыла ма әлде ЕО пайда болуының алғышартына айналған соғыс қарсаңында ма
Арабтардың өз «еуропалық одағы» құрыла ма әлде ЕО пайда болуының алғышартына айналған соғыс қарсаңында ма
6 жыл бұрын 2866 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Араб елдерінде Еуропалық одақтың ислами баламасы туралы ой көптен бері айтылып жүр. ЕО образы, дәлірегі, экономикасы өркендеген, интеграцияланған, бірыңғай жүйеге көшкен, саяси кеңістігі де ортақ Еуропалық одақ құрылымы немесе үлгісі монархиялық режимнен толық арыла қоймаған, амбициясы зор әрі бастары бір қазанға сыймайтын алауыз әміршілер тұрғанда араб елдері үшін әзірге арман күйінде қалуы мүмкін. ЕО моделін үлгі еткен Катар әміршісі Тамим бин Хамад әл Тани өткен жұмада араб елдерін алауыздықты қойып, ЕО үлгісі бойынша қауіпсіздік жүйесін құруды ұсынған болатын. Алайда,, Саудия мұндай жобаның Таяу Шығыста әзірге жүзеге аса қоятынына күмәнмен қарады. Саудияның сыртқы істер министрі Адел әл-Жүбейр ЕО стиліндегі альянсқа кіруге мүдделі емесін мәлімдеді. Сөз орайы келгенде айта кетейік, араб елдері үшін қазіргі таңда ауызбіршілік ауадай қажет. Аймақтағы қордаланып, түйткілге айналған мәселелерді шешу үшін. Ең алдымен қауіпсіздік саласында. Тәжірибеден белгілі, Еуропа ЕО үлгісіне көшу үшін талай тар жол, тайғақ кешуден өтуіне тура келді. Кәрі құрлық ескі Еуропа елесінен арылу үшін екі дүниежүзілік соғысты бастан өткерді. Бір өкініштісі, Таяу Шығыс елдері ЕО-ның баламасын құру былай тұрсын, аймақты түгел шарпитын соғысуға жақын тұр. Тынышы баяғыда қашқан аталған аймақта...

0 пікір
Мұрағат