Араб леопардтарына жойылу қаупі төніп тұр
Араб леопардтарына жойылу қаупі төніп тұр
3 жыл бұрын 779

Оман сұлтандығы бір жағынан Йеменмен шектесіп жатыр. Сондай-ақ, сомалилік содырлар шоғырланған өңірге де жақын, геосаяси жағынан ең қолайсыз аймақта орналасқандықтан сыртқы теріс ықпалды әлсірету мақсатында Йеменмен арадағы шекарада 290 шақырымдық дуал тұрғызуды қолға алды. Бұл өз кезегінде Йемен содырларының елге заңсыз кіріп, бүлік салуына бөгет бола алады. Алайда, экологтар мен табиғат жанашырлары Оман билігінің бұл жоспарын құптамай отыр. Неге десеңіз, дуал осы маңда ғана өсіп-өнетін, сирек кездесетін араб леопардының біржола жойылуына апарып соқтыруы мүмкін. Айтса айтқандай, Оман мен Йемен арасындағы шекара маңында, ары кетсе екі жүзге жетер-жетпес араб леопарды мекендейді.

0 пікір