Араб елдері арасындағы ең ұзақ өмір сүрушілер қай мемлекетте?
Араб елдері арасындағы ең ұзақ өмір сүрушілер қай мемлекетте?
7 жыл бұрын 6051 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, араб елдері арасындағы ең ұзақ өмір сүрушілер тұратын ел - Катар. Аталған елдегі адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жасты құраған. Екінші орынға Кувейт табан тіреген: 80 жас. Ал үшінші орыннан Бахрейн, Иордания және Ливан көрінген - 79 жас. Одан кейінгі орындарға Тунис және Біріккен Араб Әмірліктері (76 жас). Бұл тізімді ары жалғастыратын болсақ: Сауд Арабиясы және Сирия (75 жас), Алжир мен Мысыр (73 жас), Оман мен Марокко (72 жас), Ирак және Либия (69 және 65 жас). Сондай-ақ, ДДҰ мамандары араб елдерінде созылмалы аурумен сырқаттанатындардың қарасы артқанын мәлімдеп отыр. Араб елдерінде жүрек дертінен және тромбоздан кө жұматындардың көбейгеніне алаңдаушылық білдірген. 

0 пікір
Мұрағат