Араб бизнесменін жер түбіне жетелеген бала (фото+видео)
Араб бизнесменін жер түбіне жетелеген бала (фото+видео)
3 ай бұрын 1002 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жақып Жүсіп Ахмет Мүбәрак есімді араб бизнесмені бұрынғы өлшеммен алғанда айшылық алыс жолға - Латын америкасындағы Перуге шұғыл аттанады. Бір ғана мақсатпен - білімге құштар балаға қолұшын созу үшін. Әлеуметтік желіде көрген жанды бей-ай қалдырмаған, қызу талқыланған мектеп оқушысының басындағы жағдай ауқатты арабты тыныш жатқызбайды. Видеодан көргендеріңіздей, Перудің Моче қаласындағы Виктор Мартин есімді 11 жастағы бала аулада сабақ оқуға мәжбүр болады. Өйткені, коммуналдық қарызы үшін электр жарығынан ажыратып тастаған болатын. Соған қарамастан білімге құштар бала бұған мойымай, аулада да көше жарығымен сабақ дайындаап жүр. 31 жастағы араб бизнесмені баланың өзімен жүздесіп, тілдесу үшін Перуге ұшып кетеді. Баланың басындағы жағдайға өз көзімен қанық болған соң оның отбасына өз қалтасынан төлеп, баспана тұрғызып, Виктор білім алып жүрген мектепке инвестиция құюды жоспарлап отыр. Өзі де кедей отбасынан шыққан араб бизнесмені баланың талабы мен табандылығына тәнті болып, болашақта оның жетістікке жететініне сенеді. Қолұшын созу үшін өзге құрлықтан келген араб бизнесменінің бұл әрекетіне жергілікті тұрғындар таңдай қағып жүр. 

 

 

0 пікір
Мұрағат