Араб әмірлігінде ұшатын автокөлік жұртшылықтың назарына ұсынылды (видео)
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі өзі мұрындық болған, осы күндері Дубай қаласында өтіп жатқан World Government Summit жиынында аталған елдің жолдар және көліктер басқармасы тарихта тұңғыш рет ұшатын автокөлікті жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл жайында Khaleej Times ақпарат көзі хабар таратты. Өзгеше автокөлікті қытайдың Ehang компаниясы жасап шығарған. "AAV" деп аталатын бұл көлік несімен ерекше немесе артық? Көліктің бұл түрі инновациялық технология негізінде жасалған және экологиялық тұрғыдан тиімді. Бүгінгідей автокөлік кептелісі кезінде жолаушыларды діттеген жеріне тез жеткізуге мүмкіндік береді. Оны басқару да оңай: ұшу және қону тетіктерін басса, жетіп жатыр. Алайда, оны қашан қолданысқа енгізілетіні айтылмаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түріктердің алғашқы отандық KTJ-3200 турбореактивті Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті
■
CerebraAI стартапы Сауд Арабиясында $150K Community LEAP сыйлығын жеңіп алды
■
Сауд Арабиясының 200 мектебі қазақстандық CodiPlay технологиясын қолданатын болады
■
Араб ғалымдары ауадан су алудың әдісін тапты
■
Бірде-бір басатын түймесі жоқ ноутбук жұртшылық назарына ұсынылды (видео)