Араб әлемінде халқының саны бойынша бірінші орынға шыққан ел
Араб әлемінде халқының саны бойынша бірінші орынға шыққан ел
4 жыл бұрын 4128 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр тұрғындарының қарасы 100 млн адамнан асып кетті. Пирамидалар елінің орталық статистикалық бюросы (CAPMAS) келтірген дерекке қарағанда, халық саны жағынан араб әлемінде бірінші орынға шығып, көш бастаған. Ал Африка құрлығындағы елдер арасында бұл көрсеткіш бойынша үшінші орынға жайғасса, әлемде 14-ші орынға табан тіреген. Сарапшылар есебі бойынша 2052 жылы Мысыр халқының саны демографиялық шектеу шараларын қолға алмаса, 193 млн адамға жетеді. Тіпті, халықтың өсу қарқынын тежеп ұстаған күннің өзінде 143 млн адамға дейін көбейеді. Алайда, Мысыр билігі халық санының шектеусіз өсуін ел экономикасының аяғына тұсау салатын фактор ретінде қарастырады. Мысыр бүгінде әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірінен саналады. Әрбір үшінші ел азаматы (34,5%) 15-34 жас аралығында.

Ұқсас жаңалықты қарай отырыңыз:

Мысыр халқы шапшаң көбейіп келеді (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/mysyr-halqy-shapshan-kobeiip-keledi-5963#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат