«Ақылды» білезік балаларды қадағалауға мүмкіндік береді
«Ақылды» білезік балаларды қадағалауға мүмкіндік береді
2 жыл бұрын 1002

LG компаниясы KizON дейтін ақылды білезік жасап шығарды. Аталмыш білезік атан-аналарға балаларын қадағалауына мүмкіндік береді. Яғни, осы білезік арқылы балаларының қайда жүргенін бақылай алады. Білезікке 3G, Wi-Fi және GPS сымсыз құрылғылары орнатылған. Бұған қоса, білезік арқылы хабарласу мүмкіндігі бар. Бала біреумен хабарласса, он секундтан кейін ата-анасына автоматты түрде дабыл беріледі. Ата-анасы баласының кіммен байланысқанын, кіммен хабарласқанын алыстан бақылап, сөздерін тыңдай алады. Білезіктің тағы бір қасиеті, шаң мен ылғалды жолатпайтын материалдан жасалған. Бала кез келген ауа райында қолына тағып жүре береді. 400 мАч сыйымдылықтағы аккумуляторы 36 сағат бойы білезікті қуат көзінсіз тағып жүруге мүмкіндік береді. Егер аккумулятордың қуаты 25 пайызға дейін төмендесе, ата-анасы бұл жөнінде дер кезінде хабардар болады. Бұл білезік әзірге Оңтүстік Кореяда ғана сатылады.

0 пікір